Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4

Жетісу

«Жетісу» мектепалды тобы

«Жетісу» мектепалды даярлық тобы – баланың тұлғалық дамуына, білім мен тәрбиенің үйлесімді берілуіне бағытталған, бірлігі жарасқан, мейірім мен қамқорлыққа толы орта. Бұл топта 2020 жылы дүниеге келген 25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балалар балабақша табалдырығын алғаш рет 2023 жылдың жаз айында аттап, сол уақыттан бері бір ұжым ретінде қалыптасып келеді. Топтың тәрбиешілері – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, бала жүрегіне жол таба білетін, тәжірибелі мамандар Гульнара М. және Мерейлім Ә. Тәрбиешілер әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, олардың бойындағы қабілеттерін ашуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және үлкен өмірге алғашқы қадамдарын нық басуына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. «Жетісу» тобының балалары – ізденімпаз, белсенді, ойы ұшқыр, бір-бірімен достық қарым-қатынаста. Топта өзара сыйластық, көмектесу, ортақ ережені сақтау мәдениеті қалыптасқан. Күнделікті ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттері арқылы балалардың логикалық ойлауы, сөздік қоры, шығармашылық қабілеті және дербестігі дамытылады. Сонымен қатар, ойын арқылы оқыту әдістері кеңінен қолданылып, әрбір баланың қызығушылығы назарда ұсталады. Балалар мерекелік іс-шараларға, шығармашылық байқауларға, спорттық ойындарға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алады. Бұл олардың сахналық мәдениетін, өз ойын еркін жеткізу дағдысын дамытуға ықпал етеді.  «Жетісу» мектепалды даярлық тобы – баланың балалық шағының жарқын кезеңін мәнді де мағыналы етуге бағытталған орта. Тәрбиешілер мен ата-аналардың тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде әрбір бүлдіршін мектепке жан-жақты дайын, өзіне сенімді, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуда.