Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4

Паспорты

Астана қаласы әкімдігінің «№95 «Алматы» балабақшасы» МКҚК

                                        ПАСПОРТЫ     

1. Меншік түрі:  Астана қаласы әкімдігінің №95 «Алматы» балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

2. Салынған жылы:  2018 ж

3. Жер аумағының көлемі: 1628,1

4. Ғимараттың ауқымы: 111560

5. Жалпы алаңы:  3725,6 ш.м.

6. Сумен жабдықтау: орталық

7. Жылыту: орталық

8. Электр жарығы: люминиценттік

9. Мекен-жайы:  Астана қ.,Алматы көшесі 4.

10. Телефон: 8(7172) 65-15-20

11. E-mail: yaslisad95almaty@mail.ru

12. Сайт: http://95almaty-sad.kz/kz/

13. Балабақшаның жұмыс уақыты: бес күндік жұмыс аптасы, 07:30-18:00

14. Меңгеруші: Смакова Анар Долдабековна

15. Топтар саны: 12 топ:

10 топ  – қазақ тілінде,

2  топ — орыс тілінде

16. Жоба қуаттылығы – 295 орын

17. Педагогтардың сапалық құрамы:

Жалпы педагогтар саныБіліміСанаты
  31ЖоғарыТолық емес жоғ.білімОртаПедагог- зерттеушіПедагог -сарапшыПедагог-модераторЖоғарғыІ санатІІ санатСанат жоқ
26  522713214

Солардың ішінде:

        Әдіскер– 2

Тәрбиешілер- 20

Педагог-психолог – 2

Қазақ тілі маманы- 1

Ән-күй жетекшісі – 2

Дене шынықтыру нұсқаушысы – 2

Логопед – 1

        Дефектолог-1

Балабақша жалпы білім беретін  12 топтан, тәрбиелеуде және оқытуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру психолого-педагогикалық қолдау көрсетілуде.

Негізгі қызметі:

№ 95 «Алматы» балабақшасы» МКҚК мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім  беру мекемесі.

Балабақша миссиясы  —  «Бала сенімін аялау, мүмкіндіктерін қолдау!»

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту келесі бағыттар бойынша:

  • физикалық дамыту;
  • коммуникативтік дағдыларын дамыту;
  • танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту;
  • шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
  • -әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыру арқылы іске асырылады. Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде  оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады. Педагогтер балалармен жұмыста  қосымша берілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту  министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын қолданады.

 Балабақша жалпы білім беретін  12 топтан, тәрбиелеуде және оқытуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру психолого-педагогикалық коррекциялық және сөйлеу кемістігі бар балаларға арналган логопунктінен сүйемелдеу көрсетіледі.

Балабақша гумандық педагогика, этнопедагогика, «Реджио» педагогика негізінде тиімді инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданады, атап айтсақ:

• гуманды-тұлғалық технологиясы,

• интерактивті тәсілдер,

• воскобович технологиялары,

• мнемотехника,

• пятибратова әдістемесі,

• құм терапиясы,

• тілдік ортаға бойлау әдісі.

 Іс-тәжірибеде заманауи жаңа технологияларды ұштастырып пайдалана отырып, балаларды жан-жақты дамытуды, олардың сөздік қорын молайтып, ақыл ойын жетілдіру жұмысы жолға қойылған.

    «Almaty balabaqshasy» балалардың жас ерекшелігіне сай, заманауи жабдықталған, сонымен қатар балабақшада бала денсаулығын нығайтуға арналған галокамера – тұзды шахта, арнайы музыка залы, робототехника, құм терапия, логопед, би, жеті өнер, шабандоздар кабинеттері жұмыс жасайды.

КАК ЗАЧИСЛИТЬСЯ В ДОШКОЛЬНУЮ ОРГАНИЗАЦИЮ?

indigo

На официальном сайте Единого реестра всех дошкольных организации indigo-nursultan.e-orda.kz Вы можете получить полную информацию: Как зачислиться в дошкольную организацию? Как подать заявление на постановку в очередь и многое другое. indigo-nursultan.e-orda.kz