Мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқытуға жаңа көзқарас
Астана қаласының әкімдігінің № 95 «Алматы» балабақшасында 2022 жылдың 2 желтоқсан күні «Жаңа мазмұн: Мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқытуға жаңа көзқарас» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинар мақсаты: «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобалары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшем-шарттары апробациясы аясында тәжірибе алмасу. Семинарға Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы және Балаларды ерте дамыту институтының басшысының орынбасары Мариям Инаятқызы, Астана қаласы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлім басшысы Айгүл Қайратқызы қатысты.



Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе, Өскемен, Атырау, Семей қалаларынан білім беру бөлімінің орынбасарлары, педагогтер қатысып, сонымен қатар өз тәжірибелерімен де бөлісті. Жобаға сай балабақшада «Жеті өнер», «Шабандоздар» орталықтары ашылып, тәрбиеленушілер аталған орталықтарда жоғары қызығушылықпен жұмыс жасады. Көпшіліктің назарына «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобасына қатысқан ересек Үшқоңыр, Алма-арасан, мектепалды Есентай, Алмалы топтарында екі педагог, балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, тәрбиелеу-білім беру процесін ойын түрінде, кіріктіру тәсілдерімен, түрлі табиғи материалдарды пайдалана отырып ұйымдастырылған іс-әрекеттер топтың дамытушы орталарында көрсетілді. Аталған жоба бойынша екі педагогтің бірлесіп жұмыс атқаруына жағдай жасалынған. Балабақшаның әр тобында заттық-дамытушы орталар: «Қол моторикасы», «Оңаша ойнауға арналған кеңістік», «Құм мен су орталығы», «Жазу орталығы», «Музыка орталығы», «Математика орталығы», «Текшелер және құрастыру орталығы», «Белсенді қимыл-қозғалыс орталығы», «Қолөнер және сурет салу орталығы», «Жаратылыстану орталығы», «Рөлдік ойындар орталығы»,«Кітап оқу орталығы», «Технологиялар орталығы» құрылған. Орталықтар балалардың жастарына сәйкес, қауіпсіз, еркін қолжетімді етіліп жабдықталған.
Отбасын тәрбиелеу-білім беру процесіне қатыстыру және отбасымен өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында мектепалды «Есентай» орыс тобының тәрбиеленушісі Оралкан Әдемінің ата-анасы Баянсұлу Оразбекқызы осы семинарға «Добрые дела» тақырыбында лайфхак көрсетіп, өз үлесін қосты. Балабақшада салт- дәстүрлерді тиімді пайдаланудың бірі ретінде балабақша ұжымының қатысуымен «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» атты көлеңке театр қойылымын тамашалады. Одан бөлек өмірге енді дағдыланып, сана-сезімдері қалыптасып келе жатқан шақтарында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.


Отбасын тәрбиелеу-білім беру процесіне қатыстыру және отбасымен өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында мектепалды «Есентай» орыс тобының тәрбиеленушісі Оралкан Әдемінің ата-анасы Баянсұлу Оразбекқызы осы семинарға «Добрые дела» тақырыбында лайфхак көрсетіп, өз үлесін қосты. Балабақшада салт- дәстүрлерді тиімді пайдаланудың бірі ретінде балабақша ұжымының қатысуымен «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» атты көлеңке театр қойылымын тамашалады. Одан бөлек өмірге енді дағдыланып, сана-сезімдері қалыптасып келе жатқан шақтарында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Офлайн форматында өткен республикалық семинарға облыстық, қалалық әдістемелік орталықтар, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің жауапты мамандары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, педагогтер қатысты. Балабақшадағы пилоттық жобалар барысын мекеме меңгерушісі Анар Долдабековна атап өтті.
Тәрбиешілер тарапынан үлкен белсенділік байқалды. «Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру», «Салауатты әдеттер», «Добрые дела», «Ұқсас сөздер өрімі» деген тақырыптарда лайфхақтар көрсетілді.
Одан бөлек балабақша педадог-психологы Айнур Камбар «Бақытты тәрбиеші-бақытты бала!» атты тренинг жүргізді. Қатысушылар тарапынан семинар өте жоғары дәрежеде өткендігі жайлы пікірлер айтылды. Балабақша ұжымы өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсете отырып, атқарған жұмыстарының оң нәтижесін көрсете білді.