Құзыреттілік орталықтары барысында “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың заманауи траекториясы” конференциясы
Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі оқу орнының 95 жылдық мерейтойына орай 2023 жылдың 02 қарашасы күні «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ДАМУ ТРАЕКТОРИЯСЫ» атты XVII қалалық ғылыми-практикалық конференциясы әлеуметтік серіктестік алаңы ретінде №95 «Алматы» балабақшамызда секциялық отырысы өткізілді. Отырыс мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне тәрбие мен оқытудың заманауи даму қозғалысын жүзеге асыруда бағыт-бағдар беру болды. Модераторлар Астана қаласы әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері Көшен Құндыз Слетақызы, №95 «Алматы» балабақшасының меңгерушісі Смакова Анар Долдабековна, Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі оқу орнының оқытушылары Койшыманова Алия Мырзакуловна, Жаксылыкова Гульмира Балабаевна сөз сөйлеп ашты.
Мектепалды «Алма-арасан», Ересек «Алмалы», Ересек «Үш қоңыр» топтарында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді және Астана қаласының №12 «Қарлығаш», №44 «Үркер» , №18 «Аяжан», №62 «Нұрсәуле» балабақшаларынан әріптестер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс соңы психология тренинг, ән шашу концерттік бағдарламалар орындалды, сондай-ақ әріптестер кері байланыс орнатылды.