- Алатау
- Алма-арасан
- Алмалы
- Алтын адам
- Апорт
- Есентай
- Жетісу
- Көк-төбе
- Медеу
- Тау-самал
- Үш қоңыр
- Шымбұлақ
Медеу
«Медеу» кіші тобы
«Медеу» кіші тобы 2025 жылдың 1 тамызында ашылып, алғашқы күннен бастап кішкентай тәрбиеленушілерін қабылдады.Осы топта тамыз айынын бері жетекшілік етіп келеміз. Қазіргі таңда балалар балабақша өміріне бейімделіп, өздерін еркін сезіне бастады. Осы уақыт ішінде бүлдіршіндер күнделікті тәртіпке дағдыланып, ас ішу, ұйықтау, серуенге шығу сияқты әрекеттерді біртіндеп меңгерді. Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы нығайып, сөздік қоры артып келеді. Қарапайым тапсырмаларды орындап, өз ойларын қимыл-қозғалыс арқылы жеткізуге талпынуда. Топта әр балаға көңіл бөлініп, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылған. Балалардың кішкентай жетістіктері назардан тыс қалмайды. Тәрбие жұмысы мейірім мен түсіністікке негізделіп, жағымды нәтижелерін көрсетуде. Алдағы кезеңде балалардың қызығушылығын арттыратын ойындар мен шығармашылық жұмыстарды көбейтіп, олардың белсенділігі мен сенімділігін дамыту жоспарлануда.
Галерея







