27.11.2023
«Әкем, анам және мен»
Отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын нығайту мақсатында, балабақшамызда ата-аналар мен балалар арасында “Әкем, анам және мен”-атты отбасылық эстафеталық сайыс өткізілді.
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі. Бұл жарыс — отбасылардың қатысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама.