Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4

Шымбұлақ

Отаңғы «Шымбұлақ» тобы

«Шымбұлақ»  тобы  2024  жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан  кішкентай сәбилерден құралған  Бүгінде осы топта екі жылдан бері жетекшілік  етіп келе жатырмын. Екі жылдын ішінде балалар есейіп оң солын тани бастады. Тобымдағы балаларым өте сүйкімді, ақылды және алғыр. Әр бала бір әлем десек де болады. Біреуі қылығымен, біреуі мінезімен, ал үшіншісі сөзімен сүйкімді.  Әрқайсысы бір үйдің  еркесі, бұзығы, қуанышы. Балалалардың балабақшадағы әр күндері  қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Осында берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тобымдағы балаларым өте ақылды, алғыр. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Топта ойын арқылы оқыту, жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылады. Осы уақытқа дейін кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі мерекелік іс-шараларда белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан –  жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Балабақша  – білім мен ортаға бейімделудің  тірегі, ал тәрбиеші  – сол балабақшаның  жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады.

Балалардың  қызығушылықтарын, ерекшеліктерін ескере отырып,заттық-кеңістіктік дамытушы орталықтарында таңдау беру арқылы жұмыс жасату:

1.Құрастыру орталығы:

2.Сюжеттік-рөлдік орталығы:

3.Шығармашылық орталығы:

4.Зерттеу орталығы:

5.Кітап орталығы:

6.Белсенді қимыл орталығы:

7.Жазу орталығы:

8.Математика орталығы:

 Қорыта айтқанда, балабақша – балаға тек тәрбие мен білім ғана емес, бақыт пен шаттық сыйлайтын ерекше әлем. Балабақша – кішкентай жүректердің қуаныш ордасы, тәрбие мен білімнің бастауы. Сондықтан да әр бала үшін балабақша – шынайы бақыт мекені!