- Алатау
- Алма-арасан
- Алмалы
- Алтын адам
- Апорт
- Есентай
- Жетісу
- Көк-төбе
- Медеу
- Тау-самал
- Үш қоңыр
- Шымбұлақ
Есентай
Ересек «Есентай» тобы
«Есентай» тобы 2023 жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан кішкентай сәбилерден құралған Бүгінде осы топта үш жылдан бері жетекшілік етіп келе жатырмыз. Екі жылдын ішінде балалар есейіп оң солын тани бастады. .Тобымдағы балаларым өте ақылды, алғыр. Балалалардың балабақшадағы әр күндері қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Топта ойын арқылы оқыту, жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылады. Осы уақытқа дейін кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі мерекелік іс-шараларда белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы десеңізші.. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады.
Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы-ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.
Галерея




