Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4

Апорт

«Апорт» кіші тобы

«Апорт» кіші тобы — 2025  жылдың тамыз айынан бастап  балабақша табалдырығын алғаш рет аттаған кішкентай сәбилерден құралған топ.Осы топта тамыз айынан бері жетекшілік  етіп келеміз.Қысқа ғана бес айдың ішінде балаларымыз біршама есейіп, қоршаған ортаны танып, оң мен солын ажырата бастады. Алғашқы қадамдар, алғашқы жетістіктер – бәрі де біз үшін үлкен қуаныш.

Бес айдың ішінде балалар балабақша тәртібіне үйреніп, күнделікті режимді қабылдай бастады. Бір-бірімен қарым-қатынас жасап, ойын арқылы тілдері дамып, өз ойларын қарапайым қимылдармен жеткізе алатын деңгейге жетті. Әр баланың кішкентай болса да жетістігі біз үшін үлкен мақтаныш.

Топта балаларға мейірім мен қауіпсіз орта қалыптастырып, олардың әр қадамын қолдап келеміз. Сабырмен, сүйіспеншілікпен жасалған еңбек өз жемісін беруде. Балалардың жүзіндегі күлкі – біздің еңбегіміздің басты нәтижесі.

Алдағы уақытта балаларымызды жан-жақты дамытуға бағытталған қызықты ойындар мен шығармашылық жұмыстарды көбейтіп, олардың өзіне деген сенімін арттыруды мақсат етеміз. Әрбір бала үшін балабақша – жылы ұя, қуанышты мекен болуына бар күшімізді саламыз.