Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4

Алтын адам

Ортаңғы «Алтын адам» тобы

Қазіргі ортаңғы «Алтын адам» тобы, осы  2025  жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан  бүлдіршіндерден  құралған.  Ортаңғы «Алтын адам» топта 2025  жылдың  қыркүйек айынан жетекшілік  етіп келе жатырмын. Төрт ай  ішінде балалар есейіп оң солын тани бастады. Тобымдағы балаларым өте сүйкімді, ақылды және алғыр. Әр бала бір әлем десек де болады. Біреуі қылығымен, біреуі мінезімен, ал үшіншісі сөзімен сүйкімді.  Әрқайсысы бір үйдің  еркесі, бұзығы, қуанышы.

   Балалалардың балабақшадағы әр күндері  қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Осында берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Балабақша  – білім мен ортаға бейімделудің  тірегі, сол себепті тәрбиеші бүлдіршіндерге жас ерекшеліктеріне сай жан-жақты дамуына жағдай жасау, танымдық, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру керек деген ойдамын.

       Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Ұлттық құндылықтар баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Баланың бойында махаббат, қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық сияқты отбасылық құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз оны жауапты және саналы азамат етіп тәрбиелей аламыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдени құндылықтар баланың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін және патриоттық сезімдерін дамытуға әсер етеді.

Мен Омарова Жибек Сериковнамын. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.