- Алатау
- Алма-арасан
- Алмалы
- Алтын адам
- Апорт
- Есентай
- Жетісу
- Көк-төбе
- Медеу
- Тау-самал
- Үш қоңыр
- Шымбұлақ
Алма-арасан
Мектепалды «Алма-арасан» тобы
Мектепалды «Алма-арасан» тобы 2021 жылы балабақшаға алғашқы рет қабылданды. Сол жылдан бері жетекшілік етудемін. Балалар есейіп оң солын тани бастады. Оқу жылындағы негізгі міндеттер: әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды; балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды; баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану; ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды; мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы); әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады: ойын арқылы оқыту; білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады. Балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.
Галерея




