Бос лауазымға хабарландыру

Астана қаласының әкімдігінің №95 «Алматы» балабақшасы МКҚК
«Көркем» филиалының бос орындарына конкурс жариялайды!
Конкурс Қазақстан Республикасының заңнамасындағы №57 бұйрыққа сәйкес өткізіледі.
Аталған бұйрық бойынша қажетті құжаттарды тапсырып, конкурстан өтуіңіз қажет.
Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш;
- Жеке куәлік;
- Жеке іс-қағазы (тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны);
- Диплом көшірмесі;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175\2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Педагогтің білімін бағалау сертификаты мен санатын растайтын куәлік;
- Бағалау парағы;
Бос орындары төмендегідей:
Тәрбиеші – 29,25 бірлік
Шағын орталық тәрбиешілері – 2 бірлік
Психолог – 1 бірлік
Музыка жетекшісі – 3,75 бірлік
Дене шынықтыру нұсқаушысы – 3,25 бірлік
Суда жүзу нұсқаушысы – 1,25 бірлік
Қазақ тілі мұғалімі – 3,25 бірлік
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 25.07.2025ж – 05.08.2025ж
Конкурстық комиссия отырысы 05.08.2025ж сағат 10:00