Біз туралы

«Заманауи – Алматы балабақшасы»
Балабақша миссиясы: «Бала сенімін аялау, мүмкіндіктерін қолдау!»
№ 95 «Алматы» балабақшасы 2018 жылы «Елордамыз – Астананың 20 жылдығы» мерейлі мерекесіне орай ашылды. №95 «Алматы» балабақшасы есігін айқара ашқан кезінен бастап өзінің нақты жоспарлары мен жарқын болашағын айқын көрсете білді. Балабақшамыз 12 топтан тұрады: 10 топ қазақ тілінде білім алады, 2 топ орыс тілінде.
Балабақша гумандық педагогика, этнопедагогика, «Реджио» педагогика негізінде тиімді инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданады.
«Almaty balabaqshasy» балалардың жас ерекшелігіне сай, заманауи жабдықталған, сонымен қатар балабақшада бала денсаулығын нығайтуға арналған галокамера – тұзды шахта, шабандоздар- иппотерапия, құм терапия, арнайы музыка залы, логопед, би, каратэ, массаж бейнелеу студиялары, жеті өнер кабинеттері, робототехника, жұмыс істейді.
Халықаралық адамгершілік педагогика орталығының президенті Паата Амоношвилидің ұсынысымен, Алматы қаласында өткізілген «ЗЕРНА» фестиваліне №95 «Алматы» балабақша ұжымының 15 педагогы қатысып, өз кәсіби педагогикалық қоржындарын толтырып қайтты. 18 педагог Халықаралық адамгершілік педагогика орталығының президенті Паата Амоношвили бар вебинарға қатысып, баланың үйлесімді тәрбиесі мен білім беру бойынша көптеген сұрақтарға тәжірибелік кеңестер мен жауаптар алды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығымен бірігіп «БАҚЫТ КЕРУЕНІ» қалалық конкурсы ұйымдастырылды.
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдар арасында арнайы бірнеше КЛАСТЕР серіктестігіне де жетекшілік етті.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында іс -тәжірибемен алмасу барысында Сингапур елінен және Мәскеу қаласынан, еліміздің басқа өңірлерінен келген арнайы мамандар біздің балабақша келген іс- сапарларында өздерінің оң бағасын берген болатын.
2021-2022 оқу жылында «Өсу нүктесі», «Құзырет орталықтарының жұмысын ұйымдастыру», «Бір күн ішінде мектепке дейінгі ұйым тобындағы екі педагог» республикалық жобасының бірінші кезеңіне қатысты.
2022-2023 оқу жылында «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобаларын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарының апробациясын өткізуге қатысты.
Жоба мақсаты: заттық дамытушылық ортасын ұйымдастыру арқылы балалардың дамуына жағдай жасау, балаларды оқыту, балалармен қарым-қатынаста жұмыс істеу және олар үшін жағымды тәжірибелер жасау үшін ойынды пайдалану.
Балабақшадағы педагогикалық процесті бақылау күнделікті Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістіктік ортаның сапасын бағалау халықаралық шкаласы арқылы жүзеге асырылды.
Жоба барысында балабақшамызда заттық-дамытушылық орталықтарды жақсарту бойынша көп жұмыстар атқарылды.
- Белсенді қимыл-қозғалыс орталығы,
- Құм мен су орталығы,
- Рөлдік ойындар орталығы,
- Текшелер және құрастыру орталығы,
- Қолөнер және сурет салу орталығы,
- Оңаша ойнауға арналған орталық,
- Музыка орталығы,
- Кітап оқу орталығы,
- Математика орталығы,
- Жазу орталығы,
- Жаратылыстану орталығы
- Технологиялар орталықтары еркін қолжетімді, қауіпсіз және үнемі толықтырылып, жаңартылып отырылады.
Топтың жатын бөлмелерін тиімді қолдану мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бұрынға төсектер, жиналмалы төсектерге ауыстырылды. Жатын бөлмеде
-Қимыл – қозғалыс, аудио ертегілер арқылы йога,
– Ірі кубиктер орталығы, -Оңаша ойнауға арналған орталық,
-Балалардың бойында патриоттық сезімдерді, ұлттық-мәдени дәстүрлерді тәрбиелеуге арналған ұлттық бұрыш.
-Маркерлік, гриферлік шкафтарды пайдалану мақсатында шығармалыққа баулу, еркін сурет салуға мүмкін беру, жағдай жасау. Өз ойларын еркін жеткізіп, сұраққа толық жауап алу жұмыстары жүргізілді, баламен жеке жұмыс жасауда екі педагог тиімділігі байқалды. Апробация мерзімінде жобадағы топтардың педагогтеріне үнемі сүйемелдеу, қолдау мақсатында, педагогтер арасында құрылған шығармашылық топ көмек берді.
Жоба барысындағы педагогикалық процесс күнделікті балабақша меңгерішісі, әдіскері және педагог-психологімен бақыланды. Жобаның апталық нәтижелері команда мүшелерімен талқыланып отырды.
Күнделікті балаларға таңдау ұсынылған және бастамаларын айтуға дағдыланған балаларға жоба барысы оң әсер берді.
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 1 шілде айындағы № 192 бұйрығы негізінде Озық педагогикалық тәжірибе тарату және енгізу туралы, құзыреттілік орталықтар жұмысы 2024 – 2025 оқу жылында жалғастырылды. Мектепке дейінгі білім беру сапасына Ұлттық зерттеу жүргізілген Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің балабақшалар тізбесіне кірдік, оған ҚР 20 өңірі, оның ішінде бірыңғай мақсатпен біріктірілген 79 мектепке дейінгі ұйым қамтылған болатын. Құзыреттілік орталықтар жұмыс барысымен үнемі іс-тәжірибе алмасулар жүргізіліп отырды.
Балабақша педагогтері заттық-кеңістіктік ортаны білім беру элементі ретінде қарастырады. Мысал ретінде бір орталық туралы қысқаша айтатын болсақ кітап оқу орталығында күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты кітаптарды таңдау мақсатында аталған орталық ұйымдастырылды. Балаларды ерте дамыту үшін қызығушылықтарына қарай заттық-дамытушылық орталықтары талапқа сай ұйымдастырылған. Балабақшада еркін ойын уақыты балаларға жеткілікті бөлінген, сондай-ақ педагогтердің балалармен өзара әрекет ету және үйрету үшін еркін ойын мүмкіндіктерін пайдаланады, еркін ойын кезінде педагогтер ойынға бірге қосылады. Тәрбие мен оқыту сапасын арттыру мен жақсарту бойынша балабақшада көп теген жұмыстар жүргізілуде.
Кітап оқу орталығында кітаптар әртүрлі, тек ертегілер ғана емес, сонымен қатар балалардың көкжиегін кеңейтетін әдебиеттер, энциклопедиялармен толықтырылды. Ата-аналар арасында кітап малмасулар букроссинг жыл бойы ұйымдастырылды. Топта ағымдағы ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбына арналған сөйлейтін қабырғалар, сөйлейтін едендер «Бір тұтас тәрбие негізінде» апта дәйек сөздері алмасып тұрды. «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» бойынша көптеген жұмыстар атқарылып, әлеуметтік желілерге жарияланып отырылды. Балабақша ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында педагог балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін дегендей ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде. 2024-2025 оқу жылында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» аймағы жұмыс жасады. Орталықтың мақсаты: балалардың әл-ауқатын позитивті ата-ана борлу мәдениетін дамыту арқылы қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі балалардың тұлғалық жан-жақты дамуы бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункті жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Жылдық жоспар бойынша түрлі «Бұрымды қыз», «Әжелер сөзі- тәрбие көзі», «Алғыс айту», «Мен және менің отбасым», «Отбасылық театр», «Әкем, анам және мен», «Асық – ұлттық ойын», «Толағай», «Қазақшаң қалай?» және т.б түрлі шебер сыныптар, спорттық жарыстар, квест, ата-аналар жиналысы, байқаулар, дөңгелек үстелдер, челлендждер, кездесулер, көрмелер, ашық есік күндер өткізіліп тұрды.
Топта ұсақ моториканы дамытуға арналған материалдары бар заттық-дамытушылық орта жабдықталды. Ұсақ моторикаға арналған материалдардың алуан түрлілігі (ұсақ конструктор, басқатырғыштар, өнер сабақтарына арналған материалдар және т.б.) қол жетімді болды. Тәрбиеші материалды еркін іс-әрекетте пайдалану үшін жағдайлар үнемі, күнделікті тәрбиеленушілерге жағдай жасап отырды. Топта шығармашлық орталығына жеке ыңғайлы орын бөлініп, шығармашылықпен айналысуға толық жағдай жасалды. Материалдар балаларға еркін іс-әрекет барысында қол жетімді болды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепалды топ тәрбиешілері қауымдастығының бағдарламасы негізінде қалалық ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті өткізілді. Мақсаты: Тәрбиешілердің кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін жағдай жасау, балабақша педагогтарының жұмыс тәжірибесін жинақтау және тәжірибелі педагогтердің жұмыстарын насихаттау. Қалалық ашық ұйымдастырылған іс-әрекетті мектепалды «Алмалы» тобының тәрбиешісі Есимсейтова Ж.Ж және мектепалды «Жетісу» тобының тәрбиешісі Омарова Ж.С өткізді. Осындай қалалық ашық ұйымдастыру іс-әрекетін музыка жетекшісі Басшиева Л.Қ және дене шынықтыру нұсқаушылары Ажыханов Д.А мен Масқауов Қ.Қ өткізді. Жылдық жоспар негізінде педагогикалық, әдістемелік кеңестер өткізіліп, іс-тәжірибелер алмасу, жаңа ақпараттар мен бөлісу ұйымдастырылды және хаттамамен рәсімделді.
Серіктестік ретінде, екі жақтық меморандум келісім-шарты бойынша Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана Халықаралық университеті Педагогикалық колледжі, Балаларды ерте дамыту институты, «Өрлеу» Біліктілік арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, №59 мектеп-лицейімен және мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы серіктестік бойынша №77 «Қошақан» балабақшасының жетекшілігімен бірлесіп көп жұмыстар атқарылды. Жыл бойы Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің педагогтары және Астана қаласы бойынша әріптестерімізбен құзыреттілік орталықтар жұмысы барысымен іс-тәжірибе алмасулар ұйымдастырылды. Консультациялық пункті балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырды. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алды. Сонымен қатар балабақшаның басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және т.б.) ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес берілді. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналды. Ата-аналар (заңды өкілдер) мен отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін ұйымдастырылған консультациялық пункті жұмысы балабақша базасында жүзеге асырылады. Консультациялық пункті мақсаты мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарына көмек көрсету болды. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық пунктінен көптеген көмектер көрсетілді. Консультациялық пункттер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір түрі болып табылды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 1 шілде айындағы № 192 бұйрығы негізінде Озық педагогикалық тәжірибе тарату және енгізу туралы, құзыреттілік орталықтар жұмысы 2025 – 2026 оқу жылында жалғасын табуда.