12.01.2026
“Бала игілігі үшін табыстың үш бұрышы тоғысқанда”
2026 жылдың 9 қаңтар күні “Бала игілігі үшін табыстың үш бұрышы тоғысқанда” атты инклюзивті білім беру мамандарына арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балабақша мамандары келген қонақтарға тренинг өткізіп, АРТ-терапия бойынша шебер-сыныптар, баламен жүргізілетін жеке жұмыс түрлеріне арналған практикалық іс-әрекеттер көрсетті.
Бала игілігі үшін “Ата-ана — тәрбиеші — мамандар” үшбұрышы тоғысып, өзара пікір алмасып, кері байланыс орнатты.

