10.03.2026
Ата-анамен бірлескен жұмыс
“Алатау” ересек тобы ата-анамен бірге ас көк егу жұмыстарын ұйымдастырды.
❇️Бұл шараның мақсаты – балаларға табиғатты аялауды, еңбексүйгіштікті және жауапкершілікті үйрету.
Балалар ата-анамен бірге жер қопсытып, тұқым сеуіп, су құйып, үлкен қызығушылықпен қатысты. Бірлескен еңбек – бала тәрбиесіндегі ең тиімді әдістердің бірі.
Табиғатпен үндескен әрбір сәт – бала жүрегіне жылылық сыйлайды 🌿