Қарттар күні
№95 «Алматы» балабақшамызда Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2023 жылдың 29 қыркүйек күні «Қарттарымызды ардақтайық» атты іс-шара өткізілді. «Қарты бар ел — қазыналы ел» демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту — ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Ата-әжелеріміз өсиеттерімен, өткен өмірлерінің қызықты күндерін естеріне алып бөлісті. Тәрбиеленушілеріміз және әріптестеріміз ата-әжелеріне өз өнерлерін көрсетіп, қуаныш сыйлап, жандарын жадыратты, қолдарымен жасаған сыйлақтарымен бөлісіп, жақсы көңіл күй сыйлады. Іс шара соңынан дастархан жайылып, ата-әжелеріміз ұжымға және тәрбиеленушілерімізге ақ баталарын берді.