- Алатау
- Алма-арасан
- Алмалы
- Алтын адам
- Апорт
- Есентай
- Жетісу
- Көк-төбе
- Медеу
- Тау-самал
- Үш қоңыр
- Шымбұлақ
Алтын адам
Ортаңғы «Алтын адам» тобы
Қазіргі ортаңғы «Алтын адам» тобы, осы 2025 жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан бүлдіршіндерден құралған. Ортаңғы «Алтын адам» топта 2025 жылдың қыркүйек айынан жетекшілік етіп келе жатырмын. Төрт ай ішінде балалар есейіп оң солын тани бастады. Тобымдағы балаларым өте сүйкімді, ақылды және алғыр. Әр бала бір әлем десек де болады. Біреуі қылығымен, біреуі мінезімен, ал үшіншісі сөзімен сүйкімді. Әрқайсысы бір үйдің еркесі, бұзығы, қуанышы.
Балалалардың балабақшадағы әр күндері қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Осында берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, сол себепті тәрбиеші бүлдіршіндерге жас ерекшеліктеріне сай жан-жақты дамуына жағдай жасау, танымдық, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру керек деген ойдамын.
Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Ұлттық құндылықтар баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Баланың бойында махаббат, қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық сияқты отбасылық құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз оны жауапты және саналы азамат етіп тәрбиелей аламыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдени құндылықтар баланың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін және патриоттық сезімдерін дамытуға әсер етеді.
Мен Омарова Жибек Сериковнамын. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.