Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4
03.10.2023

Қарттар күні

№95 «Алматы» балабақшамызда Біртұтас  тәрбие бағдарламасы аясында 2023 жылдың 29 қыркүйек күні «Қарттарымызды ардақтайық»  атты іс-шара өткізілді. «Қарты бар ел — қазыналы ел» демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту — ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Ата-әжелеріміз өсиеттерімен, өткен өмірлерінің қызықты күндерін естеріне алып бөлісті. Тәрбиеленушілеріміз және әріптестеріміз  ата-әжелеріне өз өнерлерін көрсетіп, қуаныш сыйлап, жандарын жадыратты, қолдарымен жасаған сыйлақтарымен бөлісіп, жақсы көңіл күй сыйлады. Іс шара соңынан  дастархан жайылып, ата-әжелеріміз ұжымға және тәрбиеленушілерімізге ақ баталарын берді.

КАК ЗАЧИСЛИТЬСЯ В ДОШКОЛЬНУЮ ОРГАНИЗАЦИЮ?

indigo

На официальном сайте Единого реестра всех дошкольных организации indigo-nursultan.e-orda.kz Вы можете получить полную информацию: Как зачислиться в дошкольную организацию? Как подать заявление на постановку в очередь и многое другое. indigo-nursultan.e-orda.kz