«Дамытушы кеңістік – табысты бала: құзыреттілік орталығының тәжірибесі» қалалық семинар — Астана қаласы әкімдігінің "№ 95 "Алматы" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4
31.03.2026

«Дамытушы кеңістік – табысты бала: құзыреттілік орталығының тәжірибесі» қалалық семинар

2026 жылғы 31 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің №95 «Алматы» балабақшасы базасында «Дамытушы кеңістік – табысты бала: құзыреттілік орталығының тәжірибесі» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Іс-шара офлайн форматта ұйымдастырылып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби тәжірибе алмасуына бағытталды.
✅Семинардың негізгі мақсаты – заттық-дамытушы ортаны тиімді ұйымдастыру арқылы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, құзыреттілік орталығының жұмыс тәжірибесін таныстыру және педагогтер арасында озық тәжірибелерді тарату болды.
📋Семинардың практикалық бөлімінде дамытушы ортаны тиімді ұйымдастыруға бағытталған түрлі ұйымдастырылған ашық іс-әрекеттер көрсетілді, мамандардың шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Ата-анамен тиімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы да назардан тыс қалмады.
📔Семинар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың тиімді моделін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және кәсіби қауымдастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

КАК ЗАЧИСЛИТЬСЯ В ДОШКОЛЬНУЮ ОРГАНИЗАЦИЮ?

indigo

На официальном сайте Единого реестра всех дошкольных организации indigo-nursultan.e-orda.kz Вы можете получить полную информацию: Как зачислиться в дошкольную организацию? Как подать заявление на постановку в очередь и многое другое. indigo-nursultan.e-orda.kz