“Қыс қызығы” эстафетасы
❇️Балабақшамыздың мектепалды топтары арасында «Қыс қызығы» атты көңілді спорттық эстафета өтті. Балалар қыс мезгілінің қызығын сезініп, түрлі қимылды ойындар арқылы ептілік, жылдамдық және ұйымшылдықтарын көрсетті.
❇️Ақ қардай таза көңілмен жарысқа қатысқан бүлдіршіндер бір-біріне қолдау білдіріп, достықтың нағыз үлгісін көрсетті 🤍
❇️Мақсатымыз – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қыс мезгілінің сұлулығын сезіндіру.
❇️Қысқы көңіл-күй, шат күлкі мен жарқын эмоциялар – бұл күннің басты сыйы болды! ⛄✨

