2026 жылдың 19-20 қаңтарында Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.Ұлттық құндылық пен заманауи даму – балабақшадан басталады!
Қазіргі қоғамда ұлттық тәрбие мен заманауи үрдістердің үйлесуі аса маңызды. Ұлттық құрылтайда көтерілген мектепке дейінгі тәрбие мәселелері баланың дербестігін, қауіпсіз мінез-құлқын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталғаны бізді қуантады. Балабақшадағы қауіпсіз әрі мазмұнды заттық-дамытушы орта баланың шығармашылығын, танымдық қызығушылығын және өмірлік дағдыларын дамытуға жол ашады. Экологиялық және табиғат орталықтары арқылы «Таза Қазақстан» бастамасы тәрбиенің балабақша мен отбасынан басталуы керектігін көрсетсе, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы педагогтердің жұмысын жүйелеп, балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға жағдай жасап отыр.Ұлттық құрылтайда көтерілген әрбір ұсыныс пен бастаманың нақты іске асатынына сенімдіміз.
Өйткені болашаққа нық қадам — бүгінгі баладан басталады.

