«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны: ұлттық дәстүр контексіндегі құзыреттілік орталықтың озық тәжірибе тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар
30 қыркүйек күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны: ұлттық дәстүр контексіндегі құзыреттілік орталықтың озық тәжірибе тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды Семинардың мақсаты – құзыреттілік орталықтары жұмысы аясында Мәскеу қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарыпедагогтерімен озық педагогикалық тәжірибе алмасу болды.
Аталған іс шараға Ресей мемлекетінің мектепке дейінгі ұйым басшылары, педагогтері, Астана қаласының құзыреттілік орталықтар бойынша мектепке дейінгі ұйым басшылары және жекеменшік балабақша меңгерушілері қатысты.
Бағдарлама аясында: Ұлттық тәрбие мен зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған ҰІӘ-тер құзыреттілік орталықтар бойынша таныстырылды.
Қосымша үйірмелер мен нейрогимнастика бойынша шеберлік сыныптар өткізілді. «Бестемше» ұлттық ойынының маңыздылығы көрсетілді.
Психологиялық тренингтер мен заманауи әдістер ұсынылды.
Қатысушылар жағымды әсер алып, өзара кәсіби байланыс орнатты.




