- Алатау
- Алма-арасан
- Алмалы
- Алтын адам
- Апорт
- Есентай
- Жетісу
- Көк-төбе
- Медеу
- Тау-самал
- Үш қоңыр
- Шымбұлақ
Алмалы
Ересек «Алмалы» тобы
Ересек «Алмалы» тобы 2025 жылдың жаз айынан алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан ересек топтан құралған топ. Бүгінде осы топта 5 айдан бері жетекшілік етіп келе жатырмыз. Ересек «Алмалы» тобы құзыреттілік орталығы негізінде жұмыс жүргізіп келеді. Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы орта, заттық-дамытушылық орталар құрылған.
Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері ескеріле отырып, олардың танымдық, коммуникативтік, шығармашылық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер ойын арқылы оқыту, зерттеу әрекеттері, жеке және топтық жұмыстар түрінде жүзеге асырылады.
Топта балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, өз ойын еркін жеткізуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектепке даярлығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді меңгерту, тілдік дамуын жетілдіру негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Ересек «Алмалы» тобы – балалардың жан-жақты дамуына, дербестігі мен құзыретті тұлға болып қалыптасуына бағытталған, тәжірибелі тәрбиешілердің жетекшілігімен жұмыс істейтін ұйымдасқан топ.
Галерея






