- Алатау
- Алма-арасан
- Алмалы
- Алтын адам
- Апорт
- Есентай
- Жетісу
- Көк-төбе
- Медеу
- Тау-самал
- Үш қоңыр
- Шымбұлақ
Алатау
Ересек «Алатау» тобы
Тәрбиеші – болашақ ұрпақтың алғашқы ұстазы, қоғамның негізін қалаушы жан.
Біз, тәрбиешілер, баланың балабақшадағы екінші анасындаймыз. Біз әр баланың жүрегіне жол тауып, мейірім мен қамқорлық сыйлайтын ең маңызды тұлғамыз. Баланың тұлға болып қалыптасуына бағыт беріп, мінез-құлқын, қабілетін байқап, оның дұрыс дамуына жағдай жасаймыз.
2024-2025 оқу жылының тамыз айында ең алғаш балабақша табалдырығын аттаған 3 жасар балалардан құралған топты қабылдап алдық. Алғашқы ұстазы, ата — анасынан бөгде, бірақ жылы жүзді, өздерін асыға күткен жандарының бірі біз болдық. Тобымыздың балалары өте сүйкімді, бауырмал болып, бір — бірімізге тез сіңісіп, үйреніп кеттік. Алдымызға үлкен мақсаттар қойып, балалармен бірігіп жұмыс жасай бастадық.
Білім мен тәрбиеге келетін болсақ, барлығы ойын арқылы ұйымдастыра жоспарладық. Табиғатты, әдептілік пен тәртіпті, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті, өз ойын ашық айтуға, үлкенді құрметтеуге, достарымен тату болуға, шығармашылық қабілеттерін дамытып, әр баланың бойындағы талантты байқап, қолдауға тырыстық. Қойылған масатқа жету жолында жасалатын жұмыстар әлі де өте көп, дегенмен балаларымыз білімді, тәрбиелі, адал болып өсіп келе жатыр.
Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды кезеңнің басты координаторы болғанымызға біз өте бақыттымыз.
Тәрбиешінің еңбегі – жүрек жылуы мен шексіз сабырдың жемісі.
Галерея


















