Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4

Көк-төбе

«Көктөбе» ересек тобы

«Көктөбе» ересек тобы 2022 жылдың жаз айында алғаш рет балабақша табалдырығын аттаған кішкентай тәрбиеленушілерден құралған. Қазіргі таңда балалар жас ерекшеліктеріне сай дамып, ересек топ деңгейіне жетті. Үш жыл көлемінде бүлдіршіндер өздігінен әрекет етуге, қоршаған ортаны тануға, қарым-қатынас жасауға бейімделді.

Топтағы балалар белсенді, зерек, танымдық қабілеттері жоғары. Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік стандарт талаптарына сай ұйымдастырылып, ойын арқылы оқыту, жеке және топтық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау – басты назарда.

Тәрбиеленушілер түрлі мерекелік іс-шараларға, шығармашылық жұмыстарға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Топта балалардың тілін дамытуға, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді меңгертуге ерекше көңіл бөлінеді.

«Көктөбе» ересек тобы – балалардың жан-жақты дамуына, мектепке даярлығына бағытталған, ынтымағы жарасқан, тәрбиесі мен білімі үйлескен ұжым.

Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы-ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы.Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп  ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.

    Қорыта айтқанда, балабақша – балаға тек тәрбие мен білім ғана емес, бақыт пен шаттық сыйлайтын ерекше әлем. Балабақша – кішкентай жүректердің қуаныш ордасы, тәрбие мен білімнің бастауы. Сондықтан да әр бала үшін балабақша – шынайы бақыт мекені!