Мекен-жайы: Астана қ. Алматы көшесі 4

Біз туралы

«Заманауи – Алматы балабақшасы»

Балабақша миссиясы: «Бала сенімін аялау, мүмкіндіктерін қолдау!»

№ 95 «Алматы»  балабақшасы 2018 жылы «Елордамыз – Астананың 20 жылдығы» мерейлі мерекесіне орай ашылды. №95 «Алматы»  балабақшасы есігін айқара ашқан кезінен бастап өзінің нақты жоспарлары мен жарқын болашағын айқын көрсете білді. Балабақшамыз 12 топтан тұрады: 10 топ қазақ тілінде білім алады, 2 топ орыс тілінде.

Балабақша гумандық педагогика, этнопедагогика, «Реджио» педагогика негізінде тиімді инновациялық  технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданады.

«Almaty balabaqshasy» балалардың жас ерекшелігіне сай, заманауи жабдықталған, сонымен қатар  балабақшада бала денсаулығын нығайтуға арналған галокамера – тұзды шахта, шабандоздар- иппотерапия, құм терапия, арнайы музыка залы,  логопед, би, каратэ, массаж бейнелеу студиялары, жеті өнер кабинеттері, робототехника, жұмыс істейді.

Халықаралық адамгершілік педагогика орталығының президенті Паата Амоношвилидің ұсынысымен, Алматы қаласында өткізілген  «ЗЕРНА» фестиваліне №95 «Алматы»   балабақша ұжымының 15 педагогы қатысып, өз кәсіби педагогикалық қоржындарын толтырып қайтты. 18 педагог Халықаралық адамгершілік педагогика орталығының президенті Паата Амоношвили бар вебинарға қатысып, баланың үйлесімді тәрбиесі мен білім беру бойынша көптеген сұрақтарға тәжірибелік кеңестер мен жауаптар алды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығымен бірігіп  «БАҚЫТ КЕРУЕНІ» қалалық конкурсы  ұйымдастырылды.

Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдар арасында арнайы бірнеше  КЛАСТЕР серіктестігіне де  жетекшілік етті.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында іс -тәжірибемен алмасу барысында Сингапур елінен  және Мәскеу қаласынан, еліміздің басқа өңірлерінен  келген арнайы мамандар біздің балабақша келген іс- сапарларында өздерінің оң бағасын берген болатын.

2021-2022 оқу жылында «Өсу нүктесі», «Құзырет орталықтарының жұмысын ұйымдастыру», «Бір күн ішінде мектепке дейінгі ұйым тобындағы екі педагог» республикалық жобасының бірінші кезеңіне қатысты.

2022-2023 оқу жылында «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі    ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобаларын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарының апробациясын өткізуге қатысты.

Жоба мақсаты: заттық дамытушылық  ортасын ұйымдастыру арқылы балалардың дамуына жағдай жасау, балаларды оқыту, балалармен қарым-қатынаста жұмыс істеу және олар үшін жағымды тәжірибелер жасау үшін ойынды пайдалану.

Балабақшадағы педагогикалық процесті бақылау күнделікті  Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістіктік ортаның сапасын бағалау халықаралық шкаласы арқылы жүзеге асырылды.

  Жоба барысында балабақшамызда заттық-дамытушылық орталықтарды жақсарту бойынша көп жұмыстар атқарылды.

  •          Белсенді қимыл-қозғалыс орталығы,
  •          Құм мен су орталығы,
  •          Рөлдік ойындар орталығы,
  •          Текшелер және құрастыру орталығы,
  •          Қолөнер және сурет салу орталығы,
  •          Оңаша ойнауға арналған орталық,
  •          Музыка орталығы,
  •          Кітап оқу орталығы,
  •          Математика орталығы,
  •          Жазу орталығы,
  •          Жаратылыстану  орталығы
  •          Технологиялар  орталықтары еркін қолжетімді, қауіпсіз және  үнемі толықтырылып, жаңартылып отырылады.

Топтың жатын бөлмелерін тиімді қолдану мақсатында жұмыстар жүргізіліп, бұрынға төсектер, жиналмалы төсектерге ауыстырылды. Жатын бөлмеде

-Қимыл – қозғалыс, аудио ертегілер арқылы йога,

– Ірі кубиктер орталығы, -Оңаша ойнауға арналған орталық,

-Балалардың бойында патриоттық сезімдерді, ұлттық-мәдени дәстүрлерді тәрбиелеуге арналған ұлттық бұрыш.

-Маркерлік, гриферлік шкафтарды пайдалану мақсатында шығармалыққа баулу, еркін сурет салуға мүмкін беру, жағдай жасау. Өз ойларын еркін жеткізіп, сұраққа толық жауап алу жұмыстары жүргізілді, баламен жеке жұмыс жасауда екі педагог тиімділігі байқалды.    Апробация мерзімінде жобадағы топтардың педагогтеріне үнемі сүйемелдеу, қолдау мақсатында, педагогтер арасында құрылған шығармашылық топ көмек берді.

 Жоба барысындағы педагогикалық процесс күнделікті балабақша меңгерішісі, әдіскері және педагог-психологімен бақыланды. Жобаның апталық нәтижелері команда мүшелерімен талқыланып отырды.

Күнделікті балаларға таңдау ұсынылған және бастамаларын айтуға дағдыланған балаларға жоба барысы  оң әсер берді.     

КАК ЗАЧИСЛИТЬСЯ В ДОШКОЛЬНУЮ ОРГАНИЗАЦИЮ?

indigo

На официальном сайте Единого реестра всех дошкольных организации indigo-nursultan.e-orda.kz Вы можете получить полную информацию: Как зачислиться в дошкольную организацию? Как подать заявление на постановку в очередь и многое другое. indigo-nursultan.e-orda.kz